3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Дүкенге ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жеке кәсіпкер ұрлық құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу, онының күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ұрлап кеткен . Келтірілген шығын көлемі 70 000 теңгеге жуық.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы бейнебақылау камераларын тексерді.
Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы сезіктінің жеке басын анықтап, оны бір тәулік ішінде ұстады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті дүкенге тұтынушы болып кірген. Содан соң керекті заттарды байқатпай ішкі қалталарына салып алып, жолай кезіккен адамдарға сатып кеткен.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

smarttop

ШАНИН ҰРПАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

КӘСІПКЕРЛЕР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА НАРАЗЫ

smarttop

Пікір қалдыру