13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 3 СУ АРНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

❇️ Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғырту.    Суды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға су арналарының жағдайы жақсу болуы шарт. Ескірген су арналары мен каналдар су шығынын көбейтуге алып келеді. Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылы бітеді дейді салаға жауапты мамандар. Айта кететін жайт,  қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.

🔷 Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДЕМПИНГ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

smarttop

Несие рәсімдеп, тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген жігіт ұсталды

smarttop

ШАҺАРДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру