9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

❇️ Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды. Жалпы аудан аумағына қазір 728 көше мен өткел тиесілі. Былтырғы жылы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жүргізілген болатын.  Жалпы қала бойынша биыл 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл оның 313 шақырымын пайдалануға берсек деп отырмыз. Соның ішінде 75 шақырымы магистарльды көшелерде. Барлығы 256 көше жөнделеді. Бұл – рекордты көрсеткіш. Әртүрлі жөндеуге жатады. Басым бөлігі – орташа жөндеулер. Статистикалық мәлімет келтірсем, былтыр орташа жөндеу бойынша қалада 68 шақырым жол жөнделген. Биыл бұл көрсеткіш 5,6 есе көп. Қазір сол 256 көшенің 135 көшесінің ремонтын бітірдік. Қалаішілік көшелерден Әл-Фараби ауданы, Забадам шағынауданы, Саттарханов көшесін, Қаратау ауданы, Туран шағынауданы, Байжігітов көшесін, Абай ауданы, Солтүстік-Батыс шағынауданы, Тарактас көшесін, Самал-2 шағынауданы, Болашақ көшесін жәнн Ермекбаев көшесі мен Сейтов көшелерінің орташа жол құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап, пайдалануға бердік. Бұл жұмысты біз жүйелді түрде жалғастырамыз. Бұрын асфальт төселмеген көп көшеге асфальт төселіп жатыр. Осы қыркүйек айының соңына дейін басты магистралдардағы асфальттардың жұмысын бітіреміз деп отырмыз. Егер де сіз тұратын көшелер ремонтқа түспей қалған болса, демек оның өзіндік себептері болуы мүмкін. Басты себебі – инженерлік жүйелердің жүрмеуі. Сондай жерлерге газ және су жүргеннен кейін барып, асфальт салынады. Сонымен қатар «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоспарға сәйкес биыл 73 көшеге асфальт төселеді. 🔷 Жалпы, қалада бүгінде 300 шақырымды құрайтын 276 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 170,8 шақырым жол қолданысқа беріледі. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру