7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КОМИССИЯ ОТЫРЫС ӨТТІ

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бүгін Шымкент қаласында айтулы күнге орай әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде комиссия отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ергешбек Нұрсадық, өндірістік кәсіпорын басшылары, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және әр түрлі саланың қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысында кәсіпорындарда жұмысшылардың әлеуметтік, еңбек қатынастары және өндірістік жарақаттарды болдырмаудың тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды. Алқалы жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Е.Нұрсадық еңбек қатынастарын қолдануда озық болған кәсіпорындар өзге өнідіріс орындарымен тәжірибе алмасуы қажет екенін алға тартты.
–Әр қызметкер — өз саласының ең басты байлығы. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын дүние жүзінде 270 млн еңбеккер өндірісте зардап шегеді. Оның ішінде 2,3 млн жұмысшы жұмыс орындарында немесе кәсіби аурулардың салдарынан қаза болады екен. Ал, Шымкент қаласында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда 2022 жылы жазатайым оқиғалардан 47 адам жапа шекті, оның 8-і қазаға ұшырады. Биыл жыл басынан бері оқыс оқиғадан 6 адам зардап шекті, 2 жұмысшы қайтыс болды. Жұмысшылардың қауіпсіздігі қашанда біздің қызметіміздің басым бөлігі. Сондықтан қаладағы кәсіпорындар өзге әріптестерімен жиі тәжірибе алмасып, еңбек қатынастары, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді тісілдерімен бөлісіп отыруы керек, — деді қала әкімінің орынбасары.
Биылғы еңбекті қорғау күніне орай, қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарда «Еңбек жолы» байқауы ұйымдастырылып, онда «Үздік еңбекті қорғау инженері» «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» және «Үздік еңбекті қоғау қызметі» атты номинациялар бойынша үздіктер марапатталды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР НҮКТЕЛЕР ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ӘКІМНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕП БЕРУІ

smarttop

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру