9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: МҰСЫЛМАН ЗИРАТТАРЫНА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте қала әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігімен бірлескен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты зираттарды тазалау сенбілігі өтті. Іс-шара барысында қала аумағындағы 67 мұсылман зираты күл-қоқыстан, қураған шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды, ағаштардың қураған, сынған бұтағы кесілді.Қабылданған қағидалар мен талаптар мәтінінде қабірді қоршау, қабір үстіне құрылыс нысандарын салу, қабір басына белгі тас қою, оның айналасын тазалау, түзету, т.б. мәселелер қамтылған.

«Мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары» деп аталатын құжат мәтінінде: «Қабір тапталып, аяқасты болмауы үшін қоғамдық зиратты тұтас қоршаған абзал. Тұтас қоршалған зираттың ішіндегі қабірді жеке-жеке қоршау қажет емес. Егер қабірстан толықтай қоршалмаса, аяққа тапталмас үшін қабірді шариғат шеңберінде төртқұлақ етіп қоршауға рұқсат беріледі.

Оңтүстікте ауа-райының ерте жылынуына байланысты зиарттарға сенбілік өткізу наурыз айынан бастау алған. ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің найб-имамы Мұхамеджан Естеміровтың айтуынша, зират маңын тазалау жыл бойы жүзеге асырылады.
–Бұл іс-шара елімізде ҚМДБ тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Дана халқымыз қашанда өткенге құрмет көрсетіп, рухына құран бағыштаған. Зиратын да тазалап, төңірегіне саялы ағаштар отырғызған. Бүгін қаламыздағы барлық мешіт имамдары, еріктілер, тұрғындар жұмылып, осы үрдісті жалғастырдық. Зират маңын қоқыстан тазартып, бабалар рухына Құран оқыдық. Бүгінгі сенбілікке қатысқан барша азаматқа Алла тағала разы болсын, – деді М.Естеміров.
Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасы аясында зират орындарының сыртқы және ішкі тазалықтары, келуші жамағатқа зират және зиярат ету мәдениеті мен тәртіптері кеңінен түсіндірілді. Айта кетсек, бүгінгі сенбілікке қаладағы 91 мешіттің діни қызметкерлері, 3 мыңға жуық қаланың ерікті жастары және тұрғындар қатысты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«ҚЫРЫҚ ЕРТЕГІ – ҚЫРЫҚ КЕЙІПКЕР»: АЛМАТЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру