Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жастарды өмірлік дағыларға бейімдеу» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті.
Мақсаты – қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау және дұрыс бағыт бағдар беру.
Сонымен қатар,Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған кездесу — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру мақсатында қолға алынды. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі — Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.
«Іс-шара барысында жас отбасылардың арасындағы ажырасу проблемалары көтерілетін видеоролик көрсетіледі. Ажырасуға өтініш білдірген жұптарға ақпараттық кітапшалар таратылады, сондай-ақ сағат 11-ден кешкі 5-ке дейін аудан соттарында кәсіби психологтар жас отбасыларға тегін жеке кеңес өткізеді»,- деп хабарлайды жастар ресурстық орталығы.
Кездесу барысында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз баласының қоғамдағы орнына тоқталды. Сондай-ақ, өмірлік дағдыларға бейімдеу, психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында әңгімеледі.
Жиын соңында психологтар жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.