19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

АУРУХАНА БАЗАСЫНДА СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Бүгін қалалық №1 клиникалық аурухана базасында жалпы қалалық жаттығу шеңберінде сейсмикалық жаттығу өтті. Сейсможаттығуда төтенше жағдай қаупі туындаған кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Іс-шараға клиникалық аурухананың қызметкерлерінен құрылған құтқару командасы, санитарлық пост, барлау және өрт сөндіру топтары жұмылдырылды.
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған. Айта кетейік, жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығудың барысында №1 қалалық клиникалық ауруханада қызметкерлерімен жеңіл дәрежедегі науқастарды қауіпсіз аймаққа шығару, тасымалдауға келмейтін науқастарды болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде, терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алысқа жайғастыру, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жайғастыру пысықталды.
Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай қаупі төнген кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Аталған іс-шараға клиникалық аурухананың қызметкерлерінен құрылған құтқару командасы, санитарлық пост, барлау және өрт сөндіру топтары жұмылдырылды. Айта кетейік, жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған.

Оқу-жаттығу кезінде ауруханада қызметкерлерімен жеңіл дәрежедегі науқастарды қауіпсіз аймаққа шығарды. Ал тасымалдауға келмейтін науқастарды терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алыстатып, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жайғастырды.
Сейсмикалық жаттығуларға барлық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар, кәсіпорындар, медициналық мекемелер, оқу орындары, сондай-ақ қала тұрғындары да қатысты.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Ұқсас ақпараттар

“ҚАЙНАРБУЛАҚ” ПОДКЛЮЧЁН К ПРИРОДНОМУ ГАЗУ ПОСЛЕ ДОЛГИХ ОЖИДАНИЙ: РАБОТЫ ПО ГАЗИФИКАЦИИ ИДУТ ПОЛНЫМ ХОДОМ

smarttop

АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТІКҰШАҚПЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру