16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАЙДЫ

🔷 Бүгін Шымкентте өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайды алдын алу шарасы кезінде мекемелердің дайындығы мен міндеті пысықталды. 🔷 Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жетекшілік жасады. Шартты түрде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. “ Кешенді шұғыл шаралар ең бастысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Төтенше жағдай зарбадын алдын алу мақсатында қазір қала аумағындағы ескі үйлерді сейсмикалық аудиттен өткізу жұмыстары қолға алынып отыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сүрілуге жататын ғимараттарды анықтайтын боламыз.қпараттық технологиялар мен ғылымның қарқынды дамуына қарамастан, халықты ескерту, мұқият дайындалуға уақыт беру, сол арқылы зардап шеккендердің санын айтарлықтай азайту үшін келесі күшті жер сілкінісінің қай жерде және қашан болатынын алдын ала білу мүмкіндігі жоқ. Ғаламшар күн сайын жер асты дүмпулерінен дірілдеп тұратындықтан, белгілі бір аймаққа нақты қауіпті болжау қиын. Сондықтан сейсмикалық қауіпті аймақта тұрған әрбір адам жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін білуі, аман қалу, жақындары мен көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу және катаклизмнен аман қалу үшін әрекетке әрқашан дайын болуы керек.
Қажет болған жағдайда орнына жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз” – деді Ғабит Әбдімәжитұлы.. 🔷 Жер сілкінісі салдарынан шартты түрде жартылай қираған мекенжайға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 14 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді. Арнайы күштер шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Тұрғын үйдің 6-шы қабатында шартты түрде шыққан өрт сөндіріліп, адамдар құтқарылды. Сейсмикалық жаттығулар күштік құрылымдардың дайындығын пысықтап, тұрғындардың зілзала кезінде іс-қимылдарын ширатуға, азаматтық қорғанысты күйшетуге мүмкіндік береді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 145 ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

smarttop

ЖОЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІНДЕ ШЕШУ

smarttop

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ПРИГЛАСИЛ ФРАНЦУЗСКИХ ПАРТНЕРОВ ИНВЕСТИРОВАТЬ В ГОРОД ШЫМКЕНТ

smarttop

Пікір қалдыру