24.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

15 МАМЫРДА АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ АШЫЛАДЫ

Қазір Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, құрылыс барысын қадағалады. Осыған дейін жоспардағы жол құрылысының 70 пайызы орындалған. Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс қарқынын күшейтіп, жол қозғалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесін 🔷 15 мамырдан бастап уақытша ашуды тапсырды. Айта кетейік жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде — Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде — Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде — оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Бүгін қала әкімінің Тұран ауданы халқымен есептік кездесуінде жарықтандыру мәселесі қозғалды. Биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады. 🔷 Сонымен қатар, жыл соңынай дейін жарықтандырылатын көшелер тізімі төмендегілер: 🔷 1. Жанаталап ш/а Әбдраймов көшесі 2. Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі 3. 112 ш/а Народовольцев көшесі 4. Отырар ш/а Ішкі орам көшесі 5. Кіші Самал ш/а Ескендіров көшесі 6. Кіші Самал ш/а Әбсеитов көшесі 7. Чехов көшесі 8. Қазығурт ш/а Аққыстау көшесі 9. 4 ш/а Балапан Ата көшесі 10. Спорт ш/а Ішкі орам көшесі 11. Самал-1 ш/а Әбдраимұлы көшесі 12. Қойбағаров көшесі 13. Металист көшесі 14. Қазығұрт ш/а Бөгенбай батыр көшесі 15. Қазығұрт ш/а Мүсірепов көшесі 16. Қазығұрт ш/а Бақытты көшесі 17. Қазығұрт ш/а Қызылқұм көшесі 18. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше 19. Жаңаталап е/м Айдарқұлов көшесі 20. Құрсай е/м Таңатар көшесі 21. Құрсай е/м Аққыстау көшесі 22. Құрсай е/м Қармақшы көшесі Бұл шара халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Былтыр құрылысы басталған жолайрықты жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беру жоспарланып отыр. 🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК»

smarttop

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева к народу Казахстана

smarttop

Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында рейд басталды

smarttop

Пікір қалдыру