18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СПОРТ ЗАЛМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Елімізде орта буын медицина қызметкерлерін даярлау ісінде тоқсан жыл бойы үздіксіз білім беріп келе жатқан Шымкент жоғары медициналық колледжінің ғимараты биыл арнайы спорт залмен қамтылады. 🔷 Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Спортзал аумағы 552,2 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта асхана, киім ауыстыру бөлмелері болса, екінші қабатта фитнес зал және оқу кабинеттері қарастырылған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мас халде көлік айдаған жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТРАНСФОРМАТОР ЖӘНЕ ГЕНЕРАТОР ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

smarttop

Пікір қалдыру