9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«LUX SHOES» ШЫМКЕНТТІК АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІ ЖАҢА ЖЕЛІНІ ІСКЕ ҚОСТЫ

 

🔷 Ел экономикасының күші – отандық өнімде. Шымкенттік «Lux Shoes» фабрикасы заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылармен аяқ киім тігеді. 2018 жылдан бері нарықта отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосты. Яғни, «Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 🔷 Фабрика 120 жұп және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы. Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған.

Аяқ киім өндіретін отандық кәсіпорын «LUX Shoes» ЖШС 2018 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция сомасы 400 млн теңгені құрады, фабрикада 40 адам еңбек етеді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың басында кәсіпорында балалар, ерлер және әйелдердің аяқ киімдеріне арналған қалыптар мен табандар, сондай-ақ арнайы мақсаттағы аяқ киімдерге арналған табандар өндірісі жолға қойылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн теңге бөлінді және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жобаның инвестиция көлемі – 693 миллион теңге. Фабрикада 45 адам жұмыс істейді. Аяқ киімнің барлық түрлері таза былғарыдан жасалған және сапалылығымен ерекшеленеді. 🔷 Арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ: ТАРИХИ НАҚЫШТА ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНАДЫ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері 50-ден астам пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

smarttop

Пікір қалдыру