9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 17 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді. Брифингке «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев та қатысып, саладағы жаңалықтарымен бөлісті.
Мұндай жоспарларды республика, облыстар, аудандар, ауыл әкімдіктері бо­йынша жасату маңызды. Оған жергілікті ғылыми, өндірістік, әкімдік кадрларын тегіс тарту керек. Кадр демекші, біздің ақсап тұрған тұсымыз да дәл осы маман мәселесі. Кейінгі жылдары жасы ұлғайған мамандарды зейнетке жібердік те, олардың орнына жастарды даярламадық. Мамандарды біліміне қарай емес, тамыр-таныстықпен, қал­тасының қалыңдығына, туысқандық қатыстарына қарай іріктедік. Барлық мәселе саланы өз маманы басқарса ғана оң шешілетінін ескерсек, бұған атүсті қарауға болмайды. Өкінішке қарай, кейінгі жылдары салалық мамандар өз саласына керексіз болып қалды да, басқа қызметтерді атқарып кетті.
–Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінсе, оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді, қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілмек. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдаудың негізгі бағыттары: несиелік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландыру, тікелей несиелеу, оның ішінде шағын несие беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру, сондай-ақ инвестиция тартуды іске асырып келеміз. Кәсіпкерлердің қазіргі мәселесі ауылдағы кепіл мүліктің төмен бағалануы болатын. Соны ескере отырып арнайы платформа жасақталды. Нәтижесінде мүлік бағасы 30 пайызға артып отыр. Енді шаруалардың несие алу сомасы да көбейеді, — деді Айдын Досқараев.
Брифинг барысында 2022 жылдың қорытындысы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдауға қатысты маңызды мәселелер, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын аяқтау бойынша, сондай-ақ 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары талқыланды.
Айта кетейік, биылғы жылы Шымкент қаласынан 17 жобаға қолдау көрсетіліп, 428 млн теңге қаржы бөлінген. Ал жақында ғана басталған «Жастар» несиелеу бағдарламасына 26 үміткер қатысып,19-ы комиссияға ұсынылған.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты

smarttop

ТҰРҒЫНДАР ЗАҢГЕРЛЕРДЕН ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ

smarttop

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОСУ БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

Пікір қалдыру