🔷 Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды.
«Ақылды үй» макеті Arduino Uno программасы арқылы автоматтандырылған. Ақылды үй — адамның көмегінсіз жұмыс істейтін электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Ақылды үй адамдарға қолайлылық пен жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді», — дейді жоба жетекшісі Райхан Бердазимқызы.
Шұғыла Сапарбек өзінің ұсынған жобасын былай түсіндіреді: «Ақылды үйге күн панелі мен жел генераторын орнаттым. Күн панелі 180° градусқа күнмен бірге айнала отырып өзіне қуат көзін жинайды.Әдетте «ақылды» үй жүйесі екіге бөлінеді. Біріншісіне басқару хабы, екіншісінде-бүкіл жүйенің жұмысына жауап беретін датчиктер кіреді. Хаб-бұл ақылды үйдің басқару орталығы, сіз оны розеткаға саласыз, содан кейін ол Wi-Fi-ға қосылады және қалған сенсорларды басқаруға және байланыстыруға жауап береді. Бұл не үшін қажет? Ақылды үйдің сенсорларының көпшілігі сымсыз және батареяларда жұмыс істейді. Егер олар Wi-Fi-ға тікелей қосылған болса, онда олардың жұмыс мерзімі салыстырмалы түрде аз болар еді.
🔷 Ал жел генераторы желдің бағытына қарай қалақшалары арқылы қуат көзін жинап үйге жарық беріп отырады. Жинақталған энергия көзі вольтметрде көрсетіп тұрады. Қазіргі уақытта үйдің тоғы 100% жұмсайтын болса, ақылды үйде орналасқан күн панелі мен жел генераторының көмегімен біз қуат көзінің 30% пайызын үнемдейтін боламыз», -дейді.
Жалпы ақылды үйдің ішінде су датчигі, өрт датчигі және де газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді.
🔷 Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.
Шымкенттік оқушының бұл жұмысы білім сайысына 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды.
🔷 Шымкент қаласы әкімнің баспасөз қызметі