16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ЕЛ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНІП ЖҮР

🔷 Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымының жанынан құралған Қазақ халық аспаптар оркестрі бүгінде қанатын кеңінен жайып, ел қошеметіне бөленіп жүр. Құрылғанына не бәрі 2 жыл болса да оркестр өз репертуарын қазақтың ән-күйлерін және де шетел шығармаларымен байытып, көпке танымал болып үлгерді. Тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейдегі мерекелік жиындарда өнер көрсетіп жүр.

Оркестрдің жоғары орындаушылық шеберлігі тыңдарман қауымның сүйіспеншілігін тудырып, оларды халқымыздың бай музыкалық мұраларымен, отандық және әлемнік классикалық озық музыка үлгілерімен сусындатып келеді. Әлемнің 80 жуық елін шарлап, (Франция, Италия, Финляндия, Чехославакия, Венгрия, Польша, Румыния, Болгария, Португалия, Дания, Швеция, Қытай, Түркия т.б) қазақтың ұлттық музыка өнерінің мәртебесін жоғары ұстап, абырой-даңқын дүние жүзіне танытты.Әр жылдары оркестр құрамында қазақ өнерінің әйгілі музыканттары – оркестр шежіресінде есімдері алтын әріптермен жазылған орындаушылар мен дирижерлар еңбек етті.

🔷 Атап айтсақ, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде қазақ күйлерін орындап, қазақ елінің абыройын асқақтатты. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор танымал тұлға Жалғасбек Бегендіков. Ал халықаралық байқаулардың жүлдегері, Өнертану ғылымдарының магистрі, күйші, дирижер Жамбыл Мейірбеков оркестірдің бас дирижері қызметін атқарып келеді. 🔷 30-ға жуық өнерпаздан құралған оркестр өнерпаздары жоғары деңгейдегі өз ісінің нағыз шеберлері яғни, өнер ошағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері. Құрылғалы сүйікті тыңдармандарын жинап үлгерген қазақ халық аспаптар оркестірі өнер сүйер көпшілікке 2 рет жеке концертін ұсынып, ел қошеметіне бөленді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі \

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

smarttop

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ТАССАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУДЕ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру