19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласындағы №2 ауруханада алғаш рет жоғары технологиялық кардиовертер-дефибриллятор функциясы бар кардиостимуляторды орнату отасы жасалды. Күрделі операцияны тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған арнайы шеберлік сағатында ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы ауруханасының мамандары мен Шымкент жүрек орталығы дәрігерлері бірлесе жасады. Білікті кардиохрургтар екі науқасқа жүрек ырғағын қалпына келтіретін құрылғы орнатып берді. 🔷 Тәжірибелі мамандар екі отаны да сәтті жасап шықты. Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Заманауи технологияға негізделген мұндай операциялардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын мүгедектік, өлім-жітім жағдайларын азайтуда септігі мол. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ 100% ҚОСЫЛДЫ

smarttop

«ЕРДІҢ АНАСЫ — ЕЛДІҢ АНАСЫ»

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫ АРАЛАП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру