5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨРМЕДЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БӘРІ БОЛДЫ

Бүгін Көрме орталығында «Қауіпсіздік – 2023» көрмесі өтіп, онда киберқауіпсіздік, бейнебақылау, өртке қарсы қорғаныс және қауіпсіздік жүйелері нарығының ең сұранысқа ие қызметтері ұсынылды. Қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне басқаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этносаралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңаша қауіп қатерлермен қиындай түсті деуге болады.
– Жыл сайын халықтың қауіпсіздікке қызығушылығы артып келеді. Сондықтан біз осы саламен айналысатын, нарықта жүрген компанияларды шақырдық. Осында кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, пәтерлердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін заттардың түр-түрін табуға болады. Индустрия бір орында тұрмайды. Нарықта әсіресе, заманауи бейнебақылау, қозғалысты анықтайтын құрылғылар сұранысқа ие. Бұрын бейнебақылау ақ-қара түспен көрсетілсе, қазіргі камералар түрлі-түсті әрі ақылды саналады. Одан бөлек, қазір GPS жүйесімен ғаламтор арқылы әлемнің басқа бір бұрышынан өз объектіңді бақылап отыра аласың. Көрме сала мамандарына тәжірибе алмасуға және өсуге мүмкіндік беретін бизнес дамудың ең тиімді платформасы болып қала береді, – дейді Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы.
Жалпы бұл басқосу қауіпсіздік құралдарын өндірушілердің, монтаждау және жобалау ұйымдарының, түпкілікті тапсырыс берушілердің, қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдар, күштік ведомстволар мен бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орнына айналды.
Көрмеде ұсынылған құрал-жабдықтар ТЖ сала мамандарына да тәжірибе алмасуға және кәсіби жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
«Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа» дейді халық даналығы. Осы тұрғыда халықтың жиналған қарасына қарап, көрмеге қызығушылығы байқалады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ СЫЙБАЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ ҚЫЗМЕТІ

smarttop

Пікір қалдыру