0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАНДА ТАҒЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ

🔷 Қала әкімі М.Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты. 🔷 Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. 🔷 Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады. Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.

2023 жылы Тұран ауданында 13 ойын алаңшасы орнатылады. Сонымен қатар, 10 ашық спорт алаңшасы халық игілігіне берілмек. Бүгінде мердігер компаниялар анықталып, бірқатар аумақта құрылыс жұмыстары басталып та кетті.

Тұран ауданына қарасты Бәйдібек би көшесіндегі 246 тұрғын үйде 30 отбасы тұрады. Алайда осы уақытқа дейін мұндағы балалар көрші аумақтардағы алаңшаларда ойнап келген. Бұған дейін балаларына алаңдаған ата-аналардың уайымы сейілді. Себебі, енді үй аумағынан балалар ойын алаңшасы бой көтереді.

Роза Төреқұлова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жобаны көрдім өзім, таныстым. Сметасымен, қандай балаларға арналған ойын элементтері қойылатынын көрдім. Жетпегенін өзім қоса айттым, алдағы уақытта қоса бірігіп, тағы да жетпегенін қосамыз. Керек емес жерін алып тастап, екі жақ бірігіп жақсылап жоспарлаудамыз».

Тек бұл аумақта ғана емес, сонымен қатар Құрсай елдімекенінде де биыл 5 ойын алаңшасы салынады. Жер мәселесі қиындау болғандықтан, алаңшаға арналған жерлер тұрғындардың ұсынысымен бекітілген. Қазір қаржы бөлініп, мердігер компаниялар анықталып, құрылыс басталып та кетті.

🔷 Айта кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖОСЫҚСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ШАРА ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

smarttop

Мектепке орналастырып беремін деп миллион теңге алған күдікті анықталды

smarttop

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

smarttop

Пікір қалдыру