Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен,
Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада басталды. 28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста журналистер спорттың 4 түрі, атап айтқанда, шығын футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан бақ сынайды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр мен қалалық «Шымкент келбеті» — «Панорама Шымкента» газеттерінің Бас редакторы Бақтияр Тайжан сөз сөйлеп, әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Орналасқан заманауи спорт кешені 5 залдан тұрады, жалпы ауданы 5 183 шаршы метрден асады. Спорттық кешенде 234 адамға арналған қонақүй, командалық ойындарды өткізуге арналған волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, шағын футболға арналған залдар бар. Сондай-ақ, бокстан, еркін және грек-рим күресінен, самбо, каратэ, дзюдодан жарыстар мен спаррингтер, таэквондо, семсерлесу, үстел теннисі және көркем гимнастикамен айналысуға мүмкіндік жасалған. Одан бөлек, ауыр атлетикамен айналысу үшін заманауи тренажер залдар, кардио аймақтары, жүгіру жолдары, стационарлық велосипедтер бар.
Тартысты доданың бірінші күнінде волейболдан 7 команда қатысып, І орынды «Ернұр-пресс» командасы алды.«Түркістан» командасы ІІ орын, «Түркістан TV» командасы ІІІ орынға ие болды. Ал үстел теннисінің қорытындысы бойынша қыздар арасында
І орын «Оңтүстік» телеарнасына бұйырды «Oninfo» ақпаратық порталы ІІ орын, «Қызмет» газеті ІІІ орынға шықты. Ерлер арасында үстел теннисінен І орында «Түркістан» командасы қанжығылады. «Ернұр пресс» пен «Түркістан TV» командалары екінші, үшінші орыннан көрінді. Спартакиаданың бірінші күнінде журналистер арасында спорттық бәскелер қызықты әрі тартысты өтті.
Айта кетейік, спартакиадаға Шымкент қаласындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының командалары қатысып жатыр.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ГЕОПОРТАЛ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖЫЛУ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

ЖАСТАР ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН СОҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

smarttop

Пікір қалдыру