Smarttop.kz

Арыс ауданында зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында, Арыс ауданында іс-шара өткізілді. Яғни полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова, «Әлеуметтік -психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының психологы Клара Даниярқызының ұйымдастыруымен қыз-келіншектермен кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Кездесу барысында осы бағыттағы мәселелер талқыланды. Ұсыныс-пікірлер қаралып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Жиналғандарға арнайы дайындалған жаднамалар таратылды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТҚАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

Call-центры на время выборов президента запустят в 4 районах Шымкента

smarttop

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ АСАНӘЛІ ӘШІМҰЛЫ: РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

smarttop

Пікір қалдыру