22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 826 БАЛА ЕМ АЛЫП ШЫҚТЫ

🔷 Күрделі жөндеуден өткен Шымкенттегі №2 Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.Бүгінде озық үлгіде жаңартылған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алды. 🔷 Орталықта неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог қызметтері көрсетіледі. 🔷 Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.– Өңірлердің ерекшеліктерін және қазіргі заманғы стандарттарды ескере отырып, аталған саладағы нормативтерді жаңарту қажет. Бүгінде бір психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия 60 мың баланы қамтиды. Олардың жұмысының тиімділігін арттыру үшін бұл нормативті 50 мың балаға дейін төмендету керек. Балаларды сәби кезінен бастап скринингтен өткізу ісін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысын күшейту қажет. Уәкілетті органдар ерекше қажеттіліктері бар бала мен оның отбасы үшін бірыңғай маршрут түрінде іс-қимылдардың түсінікті алгоритмін жасауы тиіс. Өңірлердегі арнаулы мекемелерді ескере отырып, онда бала дүниеге келгеннен бастап мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің барлық түрі ұсынылуы керек. Білім және ғылым министрлігі ерекше балалардың білім алу құқықтарын іске асыру мәселесіне айырықша назар аударғаны жөн, – деген еді Мемлекет басшысы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОАУЫЛДА ЕКІ МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗКӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 5 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРАҒА АРНАЛҒАН БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру