13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БҰРЫНҒЫ БӨБЕКЖАЙЛАР ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ЕНЕДІ

І 🔷 Шымкент қаласында бүгінде 588 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның ішінде 517-і жекеменшік болса, 71-і мемлекеттік балабақшалар. Қала бойынша жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жаңа ғимараттарға орналасқан. Дегенмен, қаладағы ескі балабақшалар бұл күнде күрделі жөндеуді қажет етеді, Соның бірі құрылғанына 55 жыл болған №3 бөбекжай-бақшасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 🔷 Қала әкімі Мұрат Әйтенов бөбекжай нысандарына арнайы барып, ғимарат құрылыстарын аралады. Мұрат Дүйсенбекұлы нысан басында құрылыс жұмыстарын балалар қауіпсіздігі үшін ережеге сай етіп жүргізуді ескертті. 2023 жылдың наурыз айында басталған жөндеу жұмыстары бұл күнде қарқын алған. Қос қабатты ғимараттың бала саны бойынша сыйымдылығы 163 орынды қамтиды. Мұнда бүгінде 130 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін бітіру межеленген.Осы жылдың көктемінде республикалық Педагогикалық шеберлік орталығының күшімен алғаш рет мектеп мұғалімдерінің деңгейіне, біліктілігі мен қамтамасыз етілуіне қатысты зерттеу жүргізілді.Нәтижелері жария болғаннан кейін, облыстағы орта мектептер мен гимназия мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында Жезқазғанда Біліктілікті арттыру мектебін ашу туралы шешім қабылданды, бұл оларға және олардың жалақы деңгейіне оң әсер етеді деп күтілуде. Мектеп ағымдағы жылдың тамыз айында жұмысын бастады.Мектепке дейінгі мекемелерге келетін болсақ, 2021-2022 жылдары бүгінгі таңда балаларды толықтай қамту үшін қажет болып отырған балабақшалардың салынуына қаражат бөлініп, жабдықталады. Жезқазғанда төрт, Сәтбаевта және Балқашта тағы үш балабақша пайда болады деп күтілуде. Жобалық құжаттаманы әзірлеу басталып кетті, әкімдіктермен бірге учаскелер мен құрылыс түрлері қарастырылуда.🔷 Сонымен қатар қаладағы №99 «Гүлдер» бөбекжай ғимараты да күрделі жөндеуден өтіп жатқанын айта кетейік. 280 орындық бөбекжайдың жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарланған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАНДАР ҮШІН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ҚҰРСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ВРУЧИЛ КЛЮЧИ ОТ ДОМА ПЕНСИОНЕРКЕ, ПОСТРАДАВШЕЙ ОТ ЗАТОПЛЕНИЯ КАНАЛИЗАЦИЕЙ

smarttop

Пікір қалдыру