9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ: ӘР АУДАННЫҢ ДАМУ НҮКТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Жүнісбеков Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 6 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Спикердің айтуынша, басқармаға бекітіліген 5 индекатор толығымен орындалып, атқарылатын жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Басқармаға жүктелген негізгі тапсырманың бірі – қаланың Бас жоспары. Осы жылдың 23 маусымында Бас жоспардың жобасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті ұйымдастырған сараптаманың оң қорытындысын алып, қала мәслихатының V сессиясында депутаттар тарапынан мақұлданды. Енді Бас жоспардың жобасы ҚР Үкіметіне жолданады.
–Бас жоспардың ерекшелігі – 2035 жылға дейін 3 айналма жол мен қажеттілікке қарай жеңіл рельсті транспорт жобасы қаралды. Қаланы стратегиялық тұрғыдан өркендету үшін 5 ауданды дамыту нүктелері анықталып, Бас жоспарға енгізілді. Мәселен, Тұран ауданының даму нүктесі қаланың оңтүстік аймағы, яғни Құрсай елді мекені боп белгіленді. Онда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандыр, инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту жобалары көзделген. Еңбекші ауданының шығыс бөлігінде жаңадан Сауран шағынауданы құрылып, орталық аумақ болып енгізілді. Абай ауданының орталығы – Шымсити, Қаратау ауданының даму нүктесі әкімшілік іскерлік орталығы мен Тұран шағынауданы енгізілді. Ал, Әл-Фараби ауданының даму нүктесі Республика даңғылы ретінде енгізілді, — деді Нұрбол Әбдірахманұлы.
Жуырда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл қалада геопортал жүйесі іске қосылды. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы саласында 16 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.
2021-2025 жыл аралығында қалада 5 млн 318 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жоспар бойынша 1 млн 73 мың шаршы метр үй көзделсе, 6 айдың ішінде 389 791 шаршы метр үйдың құрылысы аяқталыпты.
Брифинг барысында спикер заңсыз құрылысқа да тоқталды. 2023 жылдың 6 айында құрылыс нысандарын мониторинг нәтижесінде заң талаптарын өрескел бұзып, өз бетінше салынған 300 нысан жөнінде қаланың орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолданған. Осы хат негізінде 177 нысанға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 802 бабына сәйкес 88 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған екен.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Патрульдік полицейлер автокөлігі бұзылып жүрмей қалған жүргізушіге көмектесті

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ БІР ҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

smarttop

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру