22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 9 ЖОБА ҰСЫНЫЛДЫ

 

🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы және алдағы айлардың жоспары туралы болды. Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген.

Сала басшылары мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 9 жаңа жобаның таныстырылымы өтті.
● «Турсуметова Г.А» ЖШС басшысы Гульноз Абдукахарқызы «Бозарық» агро-индустриалды аймағынан ет, жеміс-жидек, көкөніс жартылай дайын өнім консервілері өндірісін ашуды көздейді. 1,1 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 15 147,5 тонн өнім болмақ. 2023-2024 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 135 адам жұмыспен қамтылады.
● «RailNTEX» ЖШС басшысы Таир Битенбаев «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 5 га жерге өндірістік зауыт салуға ниетті. Инвестициялық салымы – 4,7 млрд. тенгені құрайтын тоқыма және тігін өнімдерін шығаратын өндіріс ошағы бой көтергенде жылына 12 млн. метр өнім өндірілетінін алға тартып, 100 адам жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді.
● Сонымен қатар басқосу барысында жекеменшік мектеп, жылыжайлар және басқа да өндіріс орындарын ашу жөніндегі бірқатар жобалар ұсынылды. Аталған жобалар жүзеге асқанда қала экономикасына 34,4 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1200-ден аса азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Инвестициялық штаб отырысында қала әкімі тиісті басқарма басшылары мен жауапты сала мамандарына инвесторларға инженерлік инфрақұрылым, коммуналдық жүйелерімен қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды.
Инвестициялық штаб отырысында қала әкімі тиісті басқарма басшылары мен жауапты сала мамандарына инвесторларға инженерлік инфрақұрылым, коммуналдық жүйелерімен қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды.
-Қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктерімен қатар экономикалық жағдайы да күн санап артып келеді. Қызығушылық танытқан әрбір инвесторға мемлекет тарапынан жасалатын кез келген қолдауды көрсетуге әзірміз,-деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Жиын соңында шаһар басшысы Шымкент қаласының 2021-2022 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстан Республикасының үздік өңірі ретінде танылуына атсалысқан 14 азаматты арнайы алғыс хаттармен марапаттап, алдағы уақытта да қаламыздың кәсіпкерлік саласы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса берулеріне тілектестік білдірді.

🔷 Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге. Бүгінгі штаб отырысында 9 жоба ұсынылды. Олардың қатарында led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар. Жобалар «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалдық аймағында орналасады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӘКІМНІҢ ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНАН ТҮСКЕН ЕМЕС

smarttop

Пікір қалдыру