Smarttop.kz

Алаяқтық жолмен танысының 2 миллионнан астам ақшасын алған күдікті анықталды

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған танысы «Онлайн тауар сатуды үйретемін» деп сеніміне кіріп, 2 миллионнан астам ақшасын жымқырып кеткен.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің ірі көлемдегі ақшасымен өз қарызын жауып жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

Түркістан облысында тергеуші полицей хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұрғынды тапты

smarttop

Пікір қалдыру