6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КООПЕРАТИВКЕ БІРІККЕН ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

Шымкентте қазір 3400 шаруа қожалық, оның ішінде 86 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысуға ниеттенген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан «Іскер қала» бағдарламасымен жеңілдетілген 1-2 % несиелендіру және инвестиция, қайта өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы бағыттарында субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдаулар да қаралған. Сала жетекшісі осы бағыттарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар мен жеңілдіктерге шаруалар бас қосқан «Дала күні» семинарында нақты ақпарат берді.
– Жеке қосалқы шаруалар кооперативтерге біріккен жағдайда 1-2 айызбен «Іскер қала» бағдарламасымен несие ала алады. Ал, басқарма тарапынан кооперативтер қандайда бір жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған жағдайда кеткен шығынның 25-30%-ын субсидиялайды. Қайта өңдеуші кәсіпорындар сүтті қайта өңдеп, сары май өндірсе жұмсалған шикізаттың литріне 18 теңге, қатты ірімшікке жұмсауға кеткен шикізаттың литріне 28 теңге қаржы береді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін банктен алған несиелердің 10-11 пайыз аралығындағы сыйақысын да субсидиялайды. Егін шаруашылығында пестицидтер құнының 1 литрі (килограмы) — 50%-на дейін, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамы (данасына) — 40%-на дейін мемлекет тарапынан өтеледі, – деді басқарма басшысы. –Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінсе, оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді, қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілмек. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдаудың негізгі бағыттары: несиелік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландыру, тікелей несиелеу, оның ішінде шағын несие беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру, сондай-ақ инвестиция тартуды іске асырып келеміз. Кәсіпкерлердің қазіргі мәселесі ауылдағы кепіл мүліктің төмен бағалануы болатын. Соны ескере отырып арнайы платформа жасақталды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМ 15-20 ПАЙЫЗҒА АРЗАН САТЫЛДЫ

smarttop

КЕЛГЕН ТУРИСТТІ КҮТІП АЛУ ҮШІН ДЕ БІЛІКТІЛІК КЕРЕК

smarttop

«ӘКІМ КУБОГІ» ҮШІН БАҚ СЫНАМАҚ

smarttop

Пікір қалдыру