12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА

🔷Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы елдімекендердің тозығы жеткен трансформаторлары мен электр желілерін жаңарту жұмыстары басталған.
Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Жаңаталап елді мекендеріндегі трансформаторлар «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында жаңартылып қойылды. Жыл соңына дейін бұл нысандар пайдалануға тапсырылатын болады. Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар салынып,шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 247-сінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған 39 көшеде қазан айының соңына қарай жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2021-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қала аумағындағы елдімекендердің көшелері түгел орташа жөндеуден өткізілетін болады.Аталған көшелердегі аяқжолдарды салуға 40,666,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал, жалпы аудан бойынша атқарылатын 7,5 шақырым аяқжолға 75,421,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Жоба аясындағы жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. Атқарылған жұмыстарға келсек, біздің ауданда биыл ойын алаңшаларынан бөлек 25 аула жарықтандырылды. Қазіргі таңда жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жоспардағы жұмыстар қазан айының 1-не таман аяқталмақ. Аулаларды абаттандыру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
🔷Айта кетейік, Қазығұрт, Құрсай елді мекендерінде — 5, Жаңаталап елді мекенінде – 1 тарансформатор орнатылған.
Сонымен қатар, Құрсай, Ақжар, Жаңаталап елді мекендерінде барлығы 10,2 шақырым электр желілері ауыстырылуда.

🔷Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Сахна тақырыпқа сай безендендірілген

smarttop

ОЛЖАС БЕКТАНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

БАСПАНА АЛУ ҮШІН ЕНГІЗІЛГЕН ТАЛАПТАРДЫ ТҮСІНДІРУ

smarttop

Пікір қалдыру