20.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді.

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков 1980 жылы 8 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

· 2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. · 2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.

🔷 «Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.
Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді. Жауаптыларға азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді, шұғыл шешуді тапсырды.

🔷 Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйел анықталды

smarttop

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева к народу Казахстана

smarttop

Түркістан облысының қала мен аудандардағы полицейлері арақашықтыққа қарамастан бір уақытта Әнұранды шырқап шықты

smarttop

Пікір қалдыру