3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПТІҢ КІЛТІН ТАПҚАН ШЫМКЕНТТІК ШЕРБЕК

🔷 Шербек Қаюпов — Шымкент қаласының тұрғыны. Бұл күнде Асар шағын ауданында тұратын ел ағасы жылдар бойы маңдай терімен еңбек етудің арқасында кәсібін өрге домалатып, отбасын береке мен молшылыққа кенелткен жан.
2010 жылдары Өзбекстаннан елге көшіп келгелі осында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, қазір ауласының алдындағы жылыжаймен нәпақасын тауып отыр. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкер есік, тапсырыспен баспалдақ және жиһаз дайындайтын шеберхана ашқан. Жұмысшылардың жалақылары істеген жұмыс көлеміне қарай орташа есеппен айына 250 мың теңгеден асады. Кәсіпкердің айлық табысы 2 миллион теңгеге жуық. Іскер жігітке жаңа мүмкіндіктерді ашуда жастарға арналған жеңілдетілген несиенің көмегі тиген. Дінмұхаммед Күмісбек 2,5 пайызбен алған 5 миллион теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Тауарларын әлеуметтік желі парақшасы мен дүкен арқылы сатылымға шығаруда. Қазірдің өзінде тұрақты сатып алушылары бар. Қаражатқа шеберхана жұмысын өндіретін, қосымша үстелдерге ою-өрнек жасайтын құрал-жабдық сатып алған.
-Бұған дейін ою-өрнекті басқа цехтарда ақысын төлеп жасататын едім. Енді барлығын өзіміз жасаймыз. Шеберханама қосымша 5 адамды жұмысқа қабылдадым. Оларға орташа есеппен айына 200 мың теңге көлемінде жалақы төлеймін. Жұмыс істеймін дейтін адамға барлық мүмкіндіктер бар. Бастысы еңбекқорлық қажет,- дейді Жасұлан Нұршымыр.

🔷 Мұнан бөлек былтырдан бері биогумус өндіруге ынта танытып, содан бері минералды тыңайтқыштан да пайда көзін тапты. Жылыжайдағы қияр мен қызанақтан басқа, бау-бақшасына алманың ең жемісті сорттарын егіп, оны да нарыққа шығаруда.
Берекелі отағасының тағы бір қыры — Шербек қандасымыз қолы қалт еткенде көлік жөндеудің хас шебері.

🔷 Сонымен үш сотық жердегі жылыжайдан жыл сайын 4-5 тоннадан аса өнім алатын кәсіпкер бұл күніне дән риза. Қияр пен алманы, минералды тыңайтқыштарды да өзі жергілікті базарларға апарып сатады. «Алған өнімім жылыжай шығындарын да, ипотекалық баспананың да қарызын өтейді, ұл-қыздарымды осы табысыма оқытып, бәрін де аяқтандырып, үйлі еттім» дейді Шербек аға.
Еселі еңбекпен бірге нәтижелі жемістің дәмін татқан, педагог жұбайы екеуі үш перзентті тәрбиелеп өсірген бұл азамат көпке үлгі болары сөзсіз.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

smarttop

ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТҰМАУ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

smarttop

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру