0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер сараланды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстармен қатар, түйткілді мәселелерді де көтерді.
Биыл облыс орталығында көпқабатты 66 үйдің (4295 пәтер) құрылысы жүріп, оның 59-ы (3377 пәтер) жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. 7 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі, жеке инвестиция есебінен көпқабатты 46 үй салынуда.
Шаһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшілігін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелердің жұмысы бұдан былай терең зерделеніп, оларға талап күшейеді, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Қалада кәріз жүйесімен қамту бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 3-уі биыл аяқталады. Сондай-ақ, 5 нысанның жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу басталды.
– Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталмай жол салуды тежеп отырмыз. Қазіргі таңда қала тұрғындарының жайлылығы үшін жолдарға тас төсеп, амалдаудамыз. Ал, кәріз жүйесі жүріп өткен көшелерге асфальт жоспарлы салынып келеді. Жол құрылыстарын Ұлттық сапа орталығы арқылы тесеруді қолға алдық, — дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен кездесу барысында бұл уақытша келеңсіздіктер жөнінде түсіндірме шаралары тұрақты жүргізілетінін мәлімдеді.
Облыстық басқарма басшылары жол-көлік қатынасы, сәулет пен жобалау, құрылыс пен абаттандыру, энергетика салалары бойынша бірлесе атқаратын жұмыстар жайын баяндап, ұсыныстарын ортаға салды.
Түркістанды дамыту – ортақ мәселе екенін тілге тиек еткен Зұлпыхар Жолдасов облыс тарапынан қажетті қолдау жан-жақты көрсетілетінін айтты. Мәжіліс қорытындысымен хаттама түзіліп, тиісті тапсырмалар белгіленді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АЛҚАПҚА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

ҚАЛАДА ЕКІ ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру