22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ GPS ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ

🔷 Шымкентте медбикелердің жұмысы GPS құрылғысымен бақыланатын болды. Әзірге GPS навигациясымен қаладағы №6 емхананың медбикелері жұмыс істеуде. Жаңа құрылғымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көріп отыруға болады.

–Жобаның мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Бұл жобада пациент және оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық медициналық қызметтерді біріктіріліп, көрсетіледі. Европаның 53 мемлекетінде модельді платформа болып жарияланған бұл жобаның берері көп.
Жоба аясында халықтың да медициналық білімі артпақ. Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандарты әзірленді.

Айта кетейік, 2022 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының МСАК алғашқы медициналық-санитарлық көмектің озық тәжірибелерін көрсету бойынша алғашқы демонстрациялық алаңы ашылған болатын.
Еңбекші қазақ ауданы қазіргі уақытта озық тәжірибелерді енгізудің табысты нәтижелерін көрсетуде.
Халықтың МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге жүгіну саны артып, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге, ал бейіндегі мамандарға жүгіну саны 50 пайызға азайған.

🔷 Бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізбек.
Пациенттер арасында шұғыл медициналық көмек қажет етілген жағдайда медбике GPS навигациясының батырмасын басса, бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің телефонына шақырту келіп түседі. Соның негізінде дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында құнды әшекейлерді ұрлап, ломбардқа өткізген күдікті ұсталды

smarttop

ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ

smarttop

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Құрбан айтпен құттықтады

smarttop

Пікір қалдыру