9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ШЫМКЕНТ МАРАФОНЫ» БҰҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында биыл 6-шы рет ұйымдастырылған “Shymkent Marathon” ауқымды спорттық іс-шарасы мәресіне жетті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты.
Биыл 7 дистанция бойынша сайыстар өтті. Атап айтқанда, 5, 10, 21 және 42 шақырым және скандинавиялық жүрістен, сонымен қатар, Экиден (42 шақырымдық эстафета) және мүмкіндігі шектеулі балалалар арасында жеңімпаздар анықталды.
Сонымен, Шымкент марафонында 42 шақырымды 73 адам, 21 шақырымды 227 адам, 10 шақырымды 526, 5 шақырымды 1089 адам жүріп өткен.
Марафонның басты қашықтығы — 42 шақырым бойынша ерлер арасында Ержан Жанарстанов (18-29 жас), Павел Солодов (30-39 жас), Алмас Баймұхамедов (40-49 жас), Абдурашид Бахтиев (50-59 жас), Серік Сексембаев (60-69 жас) үздік шықса, әйелдер арасында Диана Айдосова (18-29 жас), Олеся Алексеева (30-39), Ольга Машинская (40-49 жас), Нелли Медведева (50-59 жас) топ жарды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бұқаралық жүгіру сайысында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Марафонға қатысуға бел байласаңыз, жеңіске дайындалыңыз. «Көппен көрген ұлы той», «Бастысы жеңіс емес, қатысу» деген сөздер сіздің дайындығыңызды да, жігеріңізді де төмендететін факторлар.Жүгіру — жалғыз айналысатын спорт түрі. Алайда, алғаш айналысып жүргендер үшін жүгіру іспыстырарлық немесе қорқынышты болуы мүмкін. Сондықтан, алғашқы 3 айда өзіңізге жақсы компания тауып алыңыз. Топтағы адамдардың сізден қарағанда марафон туралы көбірек білгені пайдалы. Жалғыз жүгіру сізге ойлануға мүмкіндік беріп, демалуыңызға көмектессе, құлаққап та жақсы жолсерік бола алады. Спорттық жүгіріске арналған музыкалар тыңдау да еңбек өнімділігін арттыра түседі.
Жеңімпаздарға ақшалай және марафонның демеушісі «Эврика» сауда желісінің бағалы сыйлықтары табыс етілді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ АЛАМЫЗ»

smarttop

Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет — жұмыссыздық деңгейін төмендету

smarttop

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУМЕН БІРДЕЙ

smarttop

Пікір қалдыру