6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия Ойындарының жеңімпаздарымен кездесті. Халықаралық жарысқа қаламыздан спорттың 23 түрінен 66 спортшы қатысты. Айта кетейік, жергілікті спортшылар Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан бері Азия Ойындарына алғаш рет қатысып, 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медальға ие болды.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр.

Азия ойындарында табысты өнер көрсету өте маңызды. Себебі байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.
🔷 «Сіздердің жеңістеріңізге бүкіл ел куә болды. Мұны біз мақтанышпен айта аламыз. Дегенмен, әлі де тоқтап қалмауымыз керек. 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада Ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін қыруар еңбек қажет. Мемлекет басшысы спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуына тоқталып, бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісін жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналдыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді. Осы ретте қаламызда бұқаралық спорт пен кәсіби спортты дамытуда кешенді шаралар қолға алынды», — деді қала әкімі.

🔷 Бірінші орын жүлдегерлеріне қала әкімінің Алғыс хаты мен демеушілер есебінен 1 млн. теңгенің сертификаты табысталса, екінші орынға 700 мың, үшінші орын иегерлеріне 500 мың.теңге сертификаты берілді.

🔷 Сондай-ақ қала басшысы спортшыларды дайындауда аянбай еңбек етіп жүрген жаттықтырушыларды да марапаттады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҰЛАҒАТТЫ КӘРІЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ СӘТТІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру