7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БІЛІМДІ БОЛУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Республика күні – еліміздің егемендігін паш ететін ең маңызды мерекенің бірі. Бұл күнді біз ерекше ықыласпен қарсы алып, шынайы қуанышпен тойлаймыз. Себебі, еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында біз бейбіт күнде, тыныштық пен тұрақтылық орнаған қоғамда бақытты ғұмыр кешіп келеміз.

Халқымыздың ұлық әрі мерейлі мерекесінде өткен күнді ой елегінен өткізіп, бағындырған белестерімізді бағамдайтынымыз рас. Сол сәтте Қазақстанның жылдан-жылға дамып, қуатты мемлекетке айналып келе жатқанын ұғынып, іштей тәубе етеміз. Мәселен, бір ғана білім саласын алып қарайықшы, мемлекет жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барынша қолайлы жағдай жасап жатқан жоқ па?! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы орны айқындала түсті. Төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысы 2 есеге көбейді. Әріптестеріміздің біліктілігін арттырып, білімін жетілдіре түсуіне де мемлекет айрықша назар аударып отыр.

Осыдан 7-8 жыл бұрын ғана Шымкент қаласында 140 мектеп жұмыс істейтін еді. Ол кезде апатты жағдайдағы немесе ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, үш ауысыммен жұмыс істейтін білім ұялары көп болатын-ды. Мемлекеттің білім саласына мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңінен енгізуінің нәтижесінде Шымкент қаласында бүгінде мектептердің саны 244-ке жетіп отыр. Әсіресе, үш ауысымда оқыту мәселесі толық шешілгені қуантады.

Биыл жаз айларында өзім еңбек ететін №45 мектеп-гиманзияда жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында оқушыларды жаңа, жайлы, кең ғимаратта қарсы алып, қуанышқа бөлендік. Мектебіміз инновациялық әдіс-тәсілдермен білім беруге қажетті құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталармен, компьютер сыныптарымен, зертханалармен толық жабдықталған.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, егемен еліміздің жарқын болашағына айналар жас ұрпақты білімді, парасатты, бәсекеге қабілетті азаматтар етіп тәрбиелеуге мемлекет барынша қолдау көрсетіп жатыр. Біле білсек, осының барлығы Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекеттілігімізді мәңгі етуге бағытталған қадамдар деп топшылауға болады.

Гүлвира ИСАҚОВА,
№45 мектеп-гимназияның мұғалімі,
педагог-сарапшы

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

«АЙНА» БАЗАРЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ✅

smarttop

Пікір қалдыру