Smarttop.kz

ГАЛА-КОНЦЕРТ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Шаһардағы Астана алаңында Республика күніне арналған мерекелік гала-концерт өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.
Жергілікті өнерпаздардың әндерімен басталған іс-шара эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Жергілікті өнерпаздар Еркін Нұржанов, Наркенже Серікбаева, Серік Гамзазадэ,«Фараб» би тобы,«Қазына» би ансамблі мерекенің сәнін кіргізді.
Сондай-ақ, концертті әрі қарай еліміздің эстарада жұлдыздары жалғады. Көпшілік іс-шарада Ғаділбек Жанай, Қайрат Түнтеков, Жанболат пен Жазира, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа сынды өнер жұлдыздары танымал әндерін тарту етті.
Осылайша Республика күніне арналған гала-концерт қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮРГЕН ШЫМКЕНТТІК БЕЙІСБЕКОВТЕР ӘУЛЕТІ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2023» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Полицейлер екі тұрғыннан 5 000 000-ға жуық ақша алып, алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады

smarttop

Пікір қалдыру