19.8 C
Шымкент
Суббота, 6 июня, 2026
Smarttop.kz

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгінде азаматтық қоғамды дамыту мен қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Сондай-ақ демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы ауқымды. Өйткені, олар халықтың ұсыныс-пікірлерін, өтініш-тілектерін билікке жеткізетін негізгі күш саналады. Кез келген қоғамның дамуы азаматтық қоғамның әлеуетіне тікелей байланысты екені сөзсіз.
25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның арнайы алғыс хатымен қаламызда азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдері марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕРЕКШЕ ОРЫНДЫҚТАР ПАЙДА БОЛДЫ

smarttop

Түркістан облысында зиялы қауым өкілдері бас қосты

smarttop

«Ел бірлігі бәрінен қымбат» — тарихтан алар тәліміміз осы

smarttop

Пікір қалдыру