Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТЕДІ

Шымкентте 25 қазан – Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар мәдени-көпшілік және концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар мерекеге орай қаладағы келесі орындарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.
Атай айтқанда:
— 21 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында 2 жерде, яғни — «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында;
— 22 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында;
— 24 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұртас шағын ауданында №1/6 үйдің артындағы автотұрақ аумағында («Стандарт Сити»);
— 25 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұрсәт-3 шағын ауданында №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында өтеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҮШ АЙДА 197 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру