Smarttop.kz

КОНГРЕС-ХОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Шымсити шағынауданынында бой көтерген Конгрес-холл ғимаратын аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.

Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылуда.
Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.

Жобаға сәйкес бірінші блокта мәдени іс шараларға арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2 066 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз залы, техникалық бөлмелер бар. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, шеберхана қарастырылған.

Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді.

Конгрес-холл өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАДА ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТТЕЛДІ

smarttop

Қажылық сапарға алып барамын деп, шымкенттік тұрғын танысын 700 мың теңгеге алдап кеткен

smarttop

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

smarttop

Пікір қалдыру