Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері 40-тан астам жайт бойынша іздеуде жүрген алаяқты ұстады

Қазіргі уақытта бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен алаяқтық жасайтындар көбейген. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес. Осы тұрғыда Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының «CyberPol» тобының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен облыс тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу әлеуметтік желідегі парақшасына бұзып кіріп, атын пайдаланып, таныстарынан ақша сұрап алып, 55 мың теңге шығын келтіргенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Жедел уәкілдер бірден қажетті шараларды атқарды. Жан-жақты, тиянақты жүргізілген тексерулер нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол жұмыссыз, Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілген жас жігіттің, Астана қаласының сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Оның жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 2 миллионға жуық. Полиция тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екенін жеткізеді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ, ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ

smarttop

Полицейлер Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғынды анықтады

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты

smarttop

Пікір қалдыру