Smarttop.kz

БАКУДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК РОУД-ШОУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризм саласын дамыту мақсатында Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында туристік бизнес өкілдеріне арналған ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды. Роуд-шоуға түрлі туристік және ақпараттық орталықтардың 60-тан астам өкілі қатысты.

Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, «Шымкент шайы» мен ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәм-татулары ұсынылды.

В2В кездесулер нәтижесінде туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, бірлесе жұмыс істеу шаралары келісілді.

Айта кетейік, 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкент қаласына 200 мыңнан аса турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ РЕСЕЙГЕ КӨКӨНІС ЭКСПОРТТАЙДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: НҰРТАС ШАҒЫНАУДАНЫ  КӨШЕЛЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

В Шымкенте стартовал референдум по строительству АЭС в Казахстане

smarttop

Пікір қалдыру