1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Диагностикалық орталықта жаңа құрылғы іске қосылды. Медициналық мекемедегі зертханаға жоғары технологиялы заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулердің біріктірілген модульді Швейцария елінде өндірілген «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.

Орнатылған жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2 000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналық мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып отыр.

Анализатордың жоғары өндірушілік қабілеті, қателіктерге жол бермейтін бағдарламасы, зерттеулердің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуі тұрғындарға сапалы зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін арттырады.

Осындай жоғары технологиялы анализатордың жұмысымен танысу мақсатында Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы зертхана мамандарынан бөлек, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысынан келген қызметкерлер шеберлік-сыныпқа қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Ұқсас ақпараттар

ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ҚАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 350-ДЕН АСТАМ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

smarttop

РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру