9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауа райына байланысты бүгінде қала аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді. Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 мердігер компания көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын атқаруда. Жұмысшылар күндіз-түні тазалық шараларын кестеге сәйкес жүргізіп, көлік қозғалысына оңтайлы жағдай жасауда.

Жалпы, қардан тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылуда. Былтырғымен салыстырғанда қар күреуге арналған құрылғы саны 87 данаға артып отыр. Инертті материалдар қоры да жасақталған, құм – 31594 текше метр, тұз 6 690 тоннаны құрайды.

Тазалық шараларына жұмылдырылыған арнайы бригадалар көп шоғырланған аумақтарды, аялдамалар мен аяқ жолдарды қардан тазалап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда. Бұл бағыттағы жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен саябақтарда да жалғасып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

400 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР КӨЛЕМДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

smarttop

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру