17.3 C
Шымкент
Воскресенье, 6 сентября, 2026
Smarttop.kz

Шымкенттік ұландықтар “Көркем сөз шеберлері” байқауының үздігі атанды

16 ақпан күні Шымкент қалалық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Көркем сөз шеберлері” байқауының ақтық сынына 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері катардағы жауынгерлер Смағұл Жасұлан мен Санатұлы Дінмұхаммед өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар бұл байқауға жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана меңгерушілері де қатысты. Қазақтың үш бәйтерегі С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтің поэзия, проза, драмалық шығармаларын оқып сынға түсті.

Байқаудың басты мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу болды.

Сайыс қорытындысы бойынша Санатұлы Дінмұхаммед 3-орынды иеленсе, Смағұл Жасұлан бас жүлдені иеленіп, Республикалық байқауға жолдама алды.

ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұқсас ақпараттар

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

smarttop

Шымкент: әскери қызметшілерінің жылдамдығы, төзімділігі мен күші тексерілді

smarttop

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру