Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында Ел біріншілігі басталды. Сайыстың ашылу салтанаты барысында қалалық Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Мұрат Бұзауов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған дүбірлі додада еліміздің 11 өңірінен 281 мерген бақ сынайды. Бағдарлама бойынша спортшылар 17 ақпан күні 25 метр, 18 ақпан күні 18 метрден нысананы көздейді. Ал 19 ақпан күні олимпиадалық және 20 ақпан күні командалық сайыс өтеді.

Жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылып отырған Ел біріншілігінде үшінші мегаполистен 68 спортшы бәсекеге түседі.

Айта кетейік, финалдық ойындарға 21 ақпан күні старт беріліп, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Ұқсас ақпараттар

Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру