3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!

Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мың алғыс саған, Туған Ел!» мерекелік іс-шарасы өтті.
Алдымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойған қалалық ҚХА мүшелері үлкен залда қалың көпшілікпен бірге арнайы әзірленген бейнефильмді тамашалады.
Салтанатты жиын «Бірлік даму үшін!» жалпыұлттық телекөпір аясында ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың сөзімен бастау алды.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев құттықтау сөзінде Алғыс айту күнінің мазмұны жыл санап артып келе жатқанын айтты.
– Бұл күні біз ата-анаға, ұлағатты ұстазға, білікті дәрігерге, қарапайым еңбек адамдарына алғыс айтуымыз керек. Алғыс айту, қайырымды, мейірімді болу бірлікке бастайды. Ал бірлік – келісімнің кілті, татулықтың тірегі екені айқын, – деді Б.Әлтайұлы.
Ел игілігі жолында адал еңбектеніп жүрген азаматтарды дәріптеу арқылы абырой биігінен көрінгендерге алғыс айтуды көздеген іс-шарада түрлі салада жұмыс істейтін қала тұрғындарына құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, «Шалқар Шабыт мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Е.Бакиевке, «Алтын төбе» шаруа қожалығының техникалық қызметкері М.Мусаеваға, №106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Тұрғымбековаға, тыл ардагері Е.Солодкинге, көпбалалы ана С.Сүлеймановаға, «Өнер» мектебінің мұғалімі Д.Касьяновқа, «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының» фельдшері Л.Шаиховаға, жеке кәсіпкер С.Айрапетянцке алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.
Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев және қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Наира Мовсисян №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы А.Махмұтқа, зейнеткер ұстаз Т.Белицкаяға, «Қоғамдық келісім» мекемесінің техникалық қызметкері А.Бертайға, запастағы полковник И.Усеновке, №24 «Алма» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі В.Елекееваға, білім және мәдениет саласының ардагері З.Богдановаға, қалалық иран этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының жетекшісі С.Cулейманиге, қалалық неміс этномәдени бірлестігі жанындағы жексенбілік мектептің оқытушысы И.Поляковаға, каратэден Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Д.Асадиловке, ардагер ұстаз Н.Аджиеваға, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің 2-бөлімше меңгерушісі А.Сламбекқызына, еңбек ардагері Н.Магазиевке, жеке кәсіпкер Ж.Курбановқа, дәрігер В.Лиге, «Sofiya Sweet» кондитерлік компаниясының бас инженері М.Табагуаға алғыс хат табыстап, сый-құрмет көрсетті.
​Іс-шарада жергілікті өнер ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылды.
Айта кетейік, Алғыс айту күні елімізде биыл тоғызыншы рет аталып өтуде. Алғашында қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің қазақ еліне алғыс айтуымен бастау алған күннің мазмұны соңғы жылдары кеңейіп, қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетумен жалғасын табуда.

Ұқсас ақпараттар

Учаскелік полиция инспекторлары «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында ескертпе қағаздарын таратты

smarttop

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ВРУЧИЛ КЛЮЧИ ОТ ДОМА ПЕНСИОНЕРКЕ, ПОСТРАДАВШЕЙ ОТ ЗАТОПЛЕНИЯ КАНАЛИЗАЦИЕЙ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ КӨРСЕТКІШІ 3,6 ЕСЕГЕ АРТҚАН

smarttop

Пікір қалдыру