Smarttop.kz

ТҮРКІСТАНДА НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА МЕН АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Түркістанда облыстық нотариаттық палата мен адвокаттар алқасы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Түркістан облысының адвокаттар алқасы ғимаратының жалпы аумағы – 800 шаршы метр, ал облыстық нотариаттық палата ғимаратының жалпы аумағы 711,11 шаршы метрді құрайды.
Бұдан бөлек, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Түркістан облысының Әділет департаментінің ғимаратын аралап, қызметкерлермен кездесті. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының материалдық — техникалық жағдайымен танысты.
Айта кету керек, Түркістан облысы аумағында жалпы саны 179 адвокат және 196 нотариус бар.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік шекараны күзету бойынша ағымдағы жағдай

smarttop

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНЕН ТЕМІРЖОЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛДЫҢ БІР БӨЛІГІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АШЫЛАДЫ

smarttop

Мобильные группы Минтруда проводят разъяснение норм проекта Соцкодекса в регионах РК

smarttop

Пікір қалдыру