9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ПРЕЗИДЕНТ: СӘТБАЕВ САЛҒАН САРА ЖОЛДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК

Бүгін – қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына тура 125 жыл толды. Осыған орай Астанада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесі өтті.
Онда Президент Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атап, «Еліміз Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру керек» деді.
Қ.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да Президент айтқандай Сәтбаевтың сара жолы жалғасу керек. Ол үшін білікті мамандар дайындау қазіргі таңның талабы.
Ұлттық кеңесте мемлекет басшысы – «ғылым саласындағы білікті кадр тапшылығын шешу, отандық ғылымның әлеуетін көтеру. Бұл үшін ең әуелі жас ғалымдарға барынша жағдай жасау керек. Қазір жас ғалымдардың заманы туды» — деп, атап көрсетті. Сондай-ақ, қазіргі таңда гранттық жобалардың үштен бірі жас ғалымдарға тиесілі, осыған орай Президент гранттар санын тағы арттыруды тапсырды. Бұған қоса жас мамандарды дайындау үшін Үкіметке магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған грант құнын арттыруға тапсырма берілді.
Кеңесте айтылғандай, жалпы, алдыңғы жылы 1,5 мыңнан аса докторанттың 38%-ы ғана диссертация қорғаған, оның жартысына жуығы ғылым саласында қалған. Сондықтан Президент Үкіметке елдегі ірі өндіріс компанияларымен бірлесе отырып «индустриалды PhD» мамандарын дайындаудың механизмін жасауды тапсырды.
Президент ғылым саласындағы келеңсіз жайттарды ды ашық айтты. Ол «отыз жылдан аса шикізат қамытынан құтылмауымыздың бір себебі – ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың болмауы»- деді.
Осыған орай Президент ғылыми кеңес жиынында Үкіметке экономиканың жаңа моделін жасауға тапсырма берді. Президент ұлттық экономикада жаңа кластерлер ашып, отандық ғылыми жобалар жасауды қолға алу керектігін жеткізді.
Бұл үшін ғылыми жобалар академиялық мақсаттардан бөлек мемлекет дамуының стратегиялық міндеттері мен экономика қажеттіліктерін ескеруге тиіс екенін, яғни, отандық ғылым ұлттық экономиканың дамуына қызмет етуі қажет екенін де баса айтты.
Мемлекет басшысының айтуы бойынша, енді уақыт талабы бойынша ғылым мен бизнестің ара-қатынасын үйлестіру үшін жергілікті әкімдіктер жанынан ғылыми кеңестер құрылады. Ал Үкімет бизнес өкілдеріне ғылымға жасаған қамқорлығы үшін салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық артықшылықтар беру арқылы қолдау көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

smarttop

ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ: ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗУДЕ

smarttop

АҚЖАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру