Бүгін Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры, Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Психология ғылымдарың докторы, гештальт, психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының», алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, мектеп инспекторы Ауелов Марлен Тұрғанбекұлы және Полиция мойоры Ирисбеков Рахымжан қатысты.Әрине барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қолына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толғандырады. Бүгінде әр жас азамат қоғамда өз орнын тауып кету үшін тырмысып жүргенінің куәсіміз. Кешегі жастар форумында Қазақстан Республикасы Президентінің ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемалары, еңбек нарығына шығатын жастардың санын арттыру, жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау, қашықтан оқыту мүмкіндігін жоғарылату, отбасы институтын қалыптастыру сынды көтерген мәселелері мен Үкіметке берген тапсырмалары қазақ жастарының жүректеріне үміт отын сыйлады. Үміт отын ғана сыйлап қойған жоқ. «Бұлақ көрсең – көзін аш» дейді дана қазақ. Бұлақтың көзінің ашылуына үлкен септігі болған бұл форумда жастар үшін маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, жастармен кері байланыс орнатылды.