9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТУДЕ

Шымкентте тұңғыш рет Джиу-джитсу спорт түрінен «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі өтуде. Турнирге 250 ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Өзбекістан, Қырғызстан, Азербайжан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен келген спортшылар да бар.
Джиу-джитсу- жапондық жекпе-жек өнерінің бір түрі. Бұл спорт түрі елімізде балалардың да, ересектер арасында да жақсы дамуда.
Ал Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрімен 200 ден астам спортшы айналысып жүр. Аталған спорт түріне қызығушы балалар саны жылдан-жылға артып та келеді.
Айта кетейік, Джиу-джитсу ресми түрде дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының қатарына кіріп, ХІХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Дәл қазір Джиу-джитсу әлем мойындаған спорт саналады. Қала спортшылары көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионатында 5 алтын, садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы ҚР чемпионатында 10 алтын, әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 11 алтын, комбат джиу-джитсудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 10 алтын жүлдені қоржынға салды.
Осыған байланысты Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбековтің айтуынша бұл турнир жас спортшыларды олимпиядаға дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Аталмыш спорт түрінен жарыс еліміздің бес қаласында өтіп, соңғы турнир Абу-Даби қаласында өтпек. Ал осы уақытқа дейін Астана қаласында өткен.
Шыдамдылыққа, күрес пен өзін-өзі қорғауға, қандай жағдай болмасын өзара қарсыластарын құрметтеуге баулитын Джиу-джитсу спорт түрінен өтіп жатқан 6 жастан 16жасқа дейінгі спортшыларымыз қатысып жатқан «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі ертең де жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

smarttop

БЕС ЖЫЛДА 4,6 ТРЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

В ДЕНЬ ГОРОДА УНИКАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ-TULIP HALL РАСПАХНУЛ СВОИ ДВЕРИ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру