Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау баскармасы мен Қазақстан онкоурологтар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен онкологиялық орталықта “Онкоурологиялық аурулардың алдын алу мен диагностикалаудың өзекті маселелері” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Аталған іс- шарада Онкоурологтар қоғамдык бірлестігінің басшысы Курманов Т.А.,
Қазақстан-Ресей медициналық университетінің профессоры м.ғ.д. Есентаева С.Е, Ұлттық онкология ғылыми зерттеу орталығының маманы Мугалбеков Ш. және орталық мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу бағытындағы семинарға қаламыздың барлық онколог, уролог дәрігерлері қатысты. Іс шара барысында бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға лапароскопиялық бүйрек резекциясы жасалды. Бұл бағыттағы ғылыми-практикалық іс шаралардың қатерлі ісіктерді емдеу мен ерте анықтауда алатын орны зор.
Бүгін қалалық онкологиялық орталығында 19-20 сәуір аралығына жоспарланған Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан эндоскопистер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Заманауи диагностикалық және оперативті эндоскопияның мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өз жұмысын бастады.
Аталған іс шараға Қазақстан эндосскопистер қоғамдық бірлестігінң төрағасы Батырбеков Канат Умирзахович және А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығының бас эндоскописті Недолужко Иван Юрьевичтің қатысуымен заманауи эндоскопияның мүмкіндіктері тақырыбында дәрістер оқылып, 9 науқасқа түрлі деңгейдегі күрделі оталар жасалуда.
Іс шараға Шымкент, Алматы қалаларымен қатар көршілес Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының мамандары қатысуда. Аталған іс шара ертең де жалғасын табады.