0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДОМБЫРА БЕЙНЕСІНДЕ МӘДЕНИ НЫСАН САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев салада 2023 жылы және 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті. «Түркістан» сарайында өткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет саласы мамандары, зиялы қауым, аудан әкімдіктерінің сала бойынша мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқарма басшысы алдағы уақытта мәдениет мекемелерін әр ауданның меншігіне беруді, сол арқылы әр ауданның мәдениетін, іс-шара ұйымдастыру деңгейін көтеруді ұсынды.
Қала әкімінің орынбасары бұл ұсынысқа оң пікірін білдірді.
С.Құранбек мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді айтып өтті. Қалада 6 теарт болса, тек Орыс драма театрының ғимараты талаптарға сай келеді. Қалған 5 нысанның техникалық базасынан бөлек, ғимараттың өзі талаптарға сай келмейді. Ал, «Түркістан» сарайына әлі күнге дейін жылу берілмеген.
Шымкент қаласындағы «Салт-дәстүр» орталығы Түркістан облысының меншігіне берілген. Осыған орай қала орталығынан домбыра бейнесінде жасалған нысан құрылысын бастау жоспарланыпты. Бірінші қабатында қажетті кабинеттер және керекті заттар орналастырылса, жоғары қабатынан бүкіл қала көретіндей болмақ.Домбыраның ежелгі шығу тегі бар және оның тамыры жазу пайда болғанға дейін тереңге кетеді. Түрлі деректе тіпті 6 мың жылдық тарихы туралы айтылады. Ол қазіргі Қазақстан аумағында қолданылатын алғашқы музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра көптеген ғасыр бойы әртүрлі этникалық топтардың музыкалық дәстүрлері мен мәдени әдет-ғұрыптарының әсерінен формасы, құрылымы мен дыбысы өзгеріп, біртіндеп дамып, түрленді. Домбыра қазақтардың да, Орталық Азияның басқа көшпелі халықтарының өмірінде маңызды рөл атқарды. Ол қазақтың ұлан-ғайыр даласындағы жорықтарда ердің серігі болып, дала мен таулар арасындағы ұзақ сапарларда ойын-сауық пен шабыт көзі болды.
Жиынға қатысушылар қала әкімінің орынбасарына ұсыныстарын, талап-тілектерін жеткізді.
Алқа мәжілісінде мәдениет саласындағы бірнеше мәселе айтылды. Жұмыс нәтижесі келер күннің еншісінде қалмақ.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Назар аударыңыз!

smarttop

ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

ІШКІ САЯСАТ- ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру